Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әуезов тағылымы»

0 165

      Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің 6 кітапханасы, оқырмандарға ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл 125 жыл толуына орай «Әлем таныған Әуезов» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шарада қалалық мәдениет үйінің домбырашыларының орындауында «Қазақ» күйімен ашылып, «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де» – әдеби-монтаж көрсетілді. Жазушыға ақындардың жүрек жарды сүйікті жырларын кітпахана оқырмандар мен оқушылар арнады. Тараз Өңірлік Универсистетінің актерлік-өнер факультетінің білімгерлерінің ұйымдастыруымен «Қаракөз» трагедиясынан көрініс көрсетілді.  №53 мектеп-оқушылары Мұхтар Әуезовтың әңгіме – повестеріне, әлемге әйгелі роман-эпопеясы «Абай жолын» – Мадина Рахманова, жазушының алғашқы жарық көрген әңгімесі «Қорғансыздың күнін» – Жібек Керімбай, қазақтың тарихы мен тұрмыс тіршілігінен мағлұмат берерлік шындығы жайлы «Жетім» әңгімесін – Аружан Рахымжан, және адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма «Көксерек» әңгімесін  – Аделя Ахмет айтты. Жазушының естелік – бейнежазбасы көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған Мұхтар Әуезовтың шығармашылығына, өміріне, саяхат жасау мақсатында «Әуезов тағылымы» атты кітап көрмесі оқырмандарға насихатталды. Сонымен қатар, кітапханаға оқырмандар келіп танысуға әрдайым есік ашық.
– Мұхтар Әуезовтің мен шығармаларын оқыдым, олардың «Көксерек» және «Жетім» әңгімесі ұнады. Мағыналы әдеби түрде жазылған. Атамыз ұлы ақын жазушы кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Көптеген кітаптары мен шығармашылықтары әлемге әйгілі. Елге танымал еткен жазушылар мен ақындарға үлкен рақмет. Осындай ұрпаққа Әуезовтің еңбегін жетілдергеніне алғыс айтамын, – деп Аружан Рахымжан 7 «Д» сынып мектеп-оқушысы айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.