Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тынық мұхиттағы домбыра көпірді жобалаған қазақ

0 472
Тынық Мұхиттың ауызындағы Інжу шығанағына орналасқан Гонконг, Макао, Чжухай сынды 3 ірі қаланы тұтастырып тұратын, теңізге салынған домбыра көпір бүгінгі күні әлем жұртшылығының көз айымына айналып отыр,-деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Гонконг-Макао-Чжухай көпірінің жобасы 2009 жылы желтоқсанда басталып, 2016 жылдың маусымында пайдалануға берілді. Көпірдің ең үлкен туннелі 2017 жылы шілдеде жасалып бітті. Жолдың жалпы ұзындығы 55 шақырым, оның 38 шақырымы көпір. Көпірдің негізгі бөлегі 29.6 шақырым. Көпірдің 6.7 шақырымы теңіз астынан өтетін туннелдерден тұрады. Көпір 6 қозғалыс жолағынан тұрады. Домбыра бейнелі бұл көпір Гонконг пен Чжухай арасындағы 3 сағаттық сапар уақытын жарты сағатқа дейін қысқартады. Туннелдер теңіз астында 48 метр тереңдікте орналасқан, ол су мен топырақ массасының жоғары қысымына төтеп беретін етіп жасалған. Көпірдің жалпы құрлысына 20 млрд АҚШ доллары жұмсалды. Көпір құрлысын салуға жауапты болған Лондон қаласындағы Arup Group компаниясы болса, компанияның ұсынысымен осы үлкен жобаға инженер болған, домбыра бейнелі көпірді жобалаған қазақтан шыққан әйгілі архитектордың есімі – Өрлеухан Қисаұлы, Алтай аймағында дүниеге келген. Көпірдің тағаны домбыра шанағы бойынша жасалса, жалпы көпірдің бейнесі домбыраның мойыны бойынша жасалды. Ол Гуанчжоу универсиетінің баклаврі, Италия технологиялық универсиетінің магистірі, Жапониядағы Шығыс университетінде архитектор мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

          Көпірдің салушылар көпір жобасы біткен кезде:
– Бұл домбыра шанақты, домбыра мойынды алып көпірдің біз есептеген ғұмыры 120 жыл. Күш-жігермен, техникалық бақылау жұмыстарын жақсарту арқылы 55 шақырымдық бұл көпірдің ғұмырын, шыдамдылығын 150 жылға дейін ұзартуға болады,-деді.
Қазақтың рухын кез-келген тәсілмен көтеруге болады. Ол үшін әрбір қазақ өз саласын сүйіп, асқақ түрде еңбектенуі тиіс. Өзінің саласында табысқа жеткен адам ұлттық иісті, өрнекті, ұлттық затты, ұлттық танымды өзінің кәсібінің бір тұсына қыстырып, жарқыратып көрсете алса болды, оның өз ұлтына деген перзенттік парызы өтелген болады.
Енді ойлаңызшы, дүние жүзінің әрбір тұсында қобыз бейнелі, домбыра бейнелі, таға бейнелі, тымақ бейнеді алып құрлыстар салынып жатса, ол қазақтың рухани түрде әлемді соғыссыз жаулауы болып табылады.
Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы парақшасынан
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.