Қалалық қоғамдық-саяси газет

Цукерберг Facebook-тің атауын өзгертті

0 645

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг Connect онлайн-конференциясында компанияның брендінің өзгергенін мәлімдеді. Компанияның жаңа бренді — Meta деп аталады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Цукербергтің айтуынша, ол гректің μετα сөзімен байланысты және «кейін» немесе «шектен тыс» дегенді білдіреді. Яғни, брендтің символизмі ретінде болашақта болатын нәрселерді болжау көрсетіледі.

Бұған дейін америкалық БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, компанияның жыл сайынғы конференциясында Цукерберг компания айналасындағы жанжалдар аясында Facebook-ті ребрендинг туралы жариялайтынын хабарлады. Қазан айының басында компания сервистерінде ауқымды ақау орын алды. Сонымен қатар, пайдаланушыларға қатысты этикалық тұрғыдан күмәнді әрекеттер әшкереленді.

Facebook әлеуметтік желісіне ребрендинг әсер етпейді. Ол өзінің қазіргі атауы мен логотипін сақтайды.

Компанияның акциялары ребрендингтен соң 3% – ға өсті.

Айта кетейік, былтыр жазда компания “метаәлем”-ді жасау мақсатында арнайы команда құрған. Facebook алдағы буын технологияларына көбірек мән бере түседі. Бір жағынан қарағанда бұл виртуалды шындықтың дамыған, жаңаша түрі, алайда кейбір мамандар метаәлем – интернеттің болашағы деп есептейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.