Қалалық қоғамдық-саяси газет

Транстелекоммен берік байланыс

0 1  451

Бүгінде Тараз қаласы тұрғындарының саны артып, аумағы кеңейіп келеді. Ал бұл тұрғын үйлерге деген қажеттілікті туындатуда.

Айталық, бүгінде А.Асқаров көшесінің соңындағы (№16 шағынаудан) алқапта 2023 жылы 5 қабатты 16 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Ал биыл аталған алқапқа қосымша 30 тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.
Жалпы бұл алқапта 80 көпқабатты тұрғын үй мен 486 жеке үй бой көтереді. Бұдан бөлек, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беретін 3 мектеп, мектептен тыс мекемелер, емханалар, перинаталдық орталық, жұқпалы аурулар ауруханасы, қоғамдық тамақтандыру объектілері, дене шынықтыру және сауықтыру кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемелері пайдалануға беріледі.
Әрине, аталған алқап тұрғындарының жайлы тұрмысы үшін интернет желісі қажет екені белгілі. Осыған орай, алқапты интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша «Транстелеком» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Жандос Бакалбаев және Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы меморандумға қол қойды.
Құжат аясында «Транстелеком» АҚ өз қаражаты есебінен алқапқа жоғары жылдамдықты ғаламтор желісін орнату үшін 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция бөледі деп жоспарлануда.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.