Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкіметтік емес ұйымдар – азаматтық қоғамның тірегі

0 1  431

Бүгінде мемлекетіміз үкіметтік емес ұйымдардың демократиялық процестердегі рөлін сезіне келе, оған сеніммен қарай бастады. Соған сай азаматтық қоғамда мұндай ұйымдардың қатары артып келеді.

Көп жағдайда оларды «үшінші сектор» деп те атайды. Атап айтқанда, бірінші сектор – мемлекет болса, екінші сектор – коммерциялық ұйымдар. Одан кейін бірнеше адамдардың бірлесіп, қоғамдасып жұмыс істейтін тобы – үкіметтік емес ұйымдар. Олар – белсенділер. Мұндай бірлескен топ пайда табумен айналыспайды. Ең бастысы, олар азаматтардың белсенділігін оятып, қоғамға пайдалы жұмыстар атқарады. Өңірімізде де келелі мәселелерді көтеріп, халыққа пайдасын тигізіп жүрген үкіметтік емес ұйымдар баршылық.
Айталық, әділет департаментінің мәліметі бойынша, биыл Тараз қаласында 533 коммерциялық емес ұйым (әрекеттісі – 494) тіркелген. Олардың 381-і қоғамдық бірлестіктер, 126-сы қоғамдық қорлар, 26-сы заңды тұлғалар бірлестіктері. Ал Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша, үкіметтік емес ұйымдардың 21-і қызметін уақытша тоқтатса, 17-і кәсіподақ ұйымдарына жатады.
Бүгінде олардың барлығы белсенді емес. Тек 100-ге жуығы қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне араласып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде қордаланған түрлі мәселелерді шешуде белсенділік танытып келеді. Қала әкімдігінің бірнеше комиссиясы мен кеңесінің құрамына үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері енгізілген.
Жергілікті атқарушы органдармен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында жыл сайын қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.
Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 17 жоба тақырыптары қалыптастырылды. Оның ішінде гендерлік теңдік мәселесін шешу, қоғамдық келісімді нығайту, жастар саясатын қолдау, әлеуметтік көмек көрсету, отбасы институтын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты және тағы басқа да бағыттарда жобалар енгізілді.
1. Ішкі саясат бөлімі – 4 жоба:
1) «Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін дамыту және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру»;
2) «Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу»;
3) «Тараз қаласында тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу»;
4) «Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу»;
2. Жастар ресурстық орталығы – 7 жоба:
1) «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу»;
2) «Жасөспірімдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу»;
3) «Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу»;
4) «Жастар арасында «Жайдарман» ойындарын ұйымдастыру»;
5) «Тараз қаласының жас ақын-жазушыларын қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру»;
6) «Жастар бастамаларын (жобаларын) қолдау» бағытындағы шараларды ұйымдастыру»;
7) «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу»;
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 6 жоба:
1) «І топтағы жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі адамдарға инватакси қызметі»;
2) «І топтағы көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызметі»;
3) «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметі»;
4) «Мүгедектігі бар адамдар күніне орай іс-шара ұйымдастыру»;
5) «Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық көмек»;
6) «Құқықтық сауаттылық (6 айға арналған әлеуметтік жоба)».

Гүлназ Сматилдаева,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.