Қалалық қоғамдық-саяси газет

Томирис Байсафаның өлімі: Айыпталушыны ақтау туралы үкім не үшін жойылды

0 257

Никулин аудандық соты Томирис Байсафаға қатысты апелляциялық соттың шешімін жариялады, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Cот алқасының өкілдері Дағыстаннан келген бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Муртузали Меджидовтың ұлына қатысты ақтау үкімінің неліктен жойылғанын түсіндірді.

«Сот үкімі заңды, дәлелді және әділ болуы керек, яғни ҚІЖК талаптарына сәйкес шешім қабылдануы және қылмыстық заңды дұрыс қолдануға негізделуі тиіс. Сот ісін жүргізу тәртібі немесе кез келген басқа жолмен заңды негізді сот шешімін шығаруға ықпал етуі мүмкін», – делінген құжатта.

Меджидовқа Томиристі терезеден итеріп жіберді деген айып тағылған. Төрағалық етуші алқабилерге мемлекеттік айыптаушылар қолдаған айып бойынша, содан кейін қылмыстық процеске қатысушылардың қорғаушы тарапынан ұстанған ұстанымы бойынша сұрақтар қоюға міндетті болды.

«Үкімдегі кемшіліктер дәл қазылар алқасының алдына қойылған сұрақтардың дұрыс жазылмауынан екені анық. Сонымен қатар сот іс жүзінде бірқатар дәлелдемелерді негізсіз деп тану туралы прокурордың өтінішхатын қараусыз қалдырды», – деді сот алқасы.

Соттың хабарлауынша, тараптардың жарыссөздері кезеңінде «төрағалық етуші жеткілікті негізсіз жәбірленушіні сот залынан шығарып жіберді, осылайша оның процессуалдық құқығын бұзды».

«Жоғарыда аталған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтар елеулі болып табылады және олардың алдына қойылған сұрақтарға алқабилердің жауаптарының мазмұнына әсер еткені сөзсіз. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, сот алқасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын елеулі бұзушылықтарға байланысты ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі жаңадан сот талқылауына жіберу қажет деген қорытындыға келді», – делінген түсініктемеде.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде МГИМО халықаралық экономикалық байланыстар кафедрасының 4-курс үздік студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде университеттің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. 3 мамырында Томирис Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтында көз жұмды. Қызды өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрі Муртузали Меджидовтың ұлы ұсталды.

Биыл жазда Мәскеудегі Никулинск сотының алқа билері кінәсі дәлелденбеген деп есептеп, Муртазали Меджидовты ақтап шықты. Муртузали Меджидов ақталғанға дейін қамауда болды, сот шешімі шыққан күні ол босатылды.

Қазан айының соңында Мәскеу қалалық соты Мұртұзали Меджидовты ақтау үкімін бұзып, МГИМО студентінің өліміне қатысты іс қайта қаралады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.