Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тойдан кейін үйге жеткізіп салуға ұсыныс жасады»: Елордалық бойжеткен танымал асабаны өзін зорлаған деп айыптады

0 2  696

Нұр-Сұлтанда танымал тамада жас қызды зорлаған. Бұл туралы “Не молчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Оқиға 2021 жылдың 5 наурызында болған. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәбірленуші Ж.А-ның айтуынша, зорлық көлікте орын алған. Асаба оның әпкесінің тойында болған. Асаба қызды бірнеше рет үйіне жеткізіп салуға ұсыныс жасаған.

“Ол мені іс-шарадан кейін үйге жеткізіп салуға ұсыныс жасады. Әпкемнің тойында асаба болды. Той кезінде үш рет маған келіп кеткен. Бас тартып, туыстарыммен бірге қайтатынымды айттым. Әпкеммен бірге тұрған кезде Т.С. қасыма келіп, мені апарып тастауды ұсынды. Әпкем “бір бағытта жүрсеңдер, барыңдар” деді. Екеуміз мейрамханадан шығып, көлігіне отырдық. Бізбен бірге тағы оның әріптестері – бір қыз бен жігіт болды. Мен артқы жолаушылар орындығында отырдым. Қыз оң жағалаудан түсіп қалды, ал біз үшеуіміз сол жағалауға жол тарттық. Жолда алдыңғы жақта отырған жігіт түсіп, дүкенге кірді. Темекі әкеліп берді. Т.С. көлікті тоқтатып, артқы орындыққа ауысты.

Содан соң ол маған тиісе бастады. Қарсылық көрсеттім. Үстіңгі киімімнің түймесін ағытты. Артқы орындыққа арқаммен құлап, басымды ұрып алдым. Белдемше мен колготкиді шеше бастады. Қолым оның астында қалып қалды. Сүйіп, әртүрлі сөздер айтты. Мен оған айқайлап, бұлай жасамауын сұрадым. Содан соң ол маған “қызсың ба?” деп айқайлады. “Иә” деп жауап берген едім, “сенің қыздығыңа тиіспеймін, өзім “бітіремін” деді. Содан соң мен қолымды сыртқа шығармақ болып едім, ол терезені жауып үлгерді. Ол әрекеттерін жалғастыра берді, содан соң ішімнің астында ыстық әлдене сездім. Ол майлықтарды алып, жан-жақты сүрте бастады. Мен киініп, көліктен шыққым келді. Ол мені жеткізіп тастайтынын айтты. Алайда мен онымен бірге қайтпайтынымды айттым, содан соң біз тасжолға шықтық, ол маған такси тоқтатты да, мен қайтып кеттім”, – деп есіне алады қыз.

Айтуынша, оқиғадан соң екі күн бойы өз-өзіме келе алмаған. 

“Шок жағдайында болдым. 8 наурызда арыз жаздым, сол күні маған сараптамалар тағайындалды, барлығы расталды. Дене жарақаттары, сол және оң жақ жамбастың қанталауы бар. Осы уақыт аралығында оның әйелі жұмысыма келіп, күйеуі үшін кешірім сұрады. Арызды қайтып алуымды өтінді. Біз Т.С-мен АІІБ-де кездестік, ол жақта да маған қысым жасалды”, – дейді ол.

Айтуынша, АІІБ-де жәбірленушілерге қарым-қатынас жақсы емес екенін айтады. Аталған іс 9 ай бойы жабулы тұрған.

“Оның танымал тамада екенін түсінемін, бірақ бұл оған осылай істеп, жазасыз қалуға мүмкіндік бермейді”, – дейді жәбірленуші.

Дина Таңсәрі мұндай оқиғалардың қалыпты жағдайға айналғанын, істері жабылған қыздардың саны көп екенін айтып өтті.

“Бұл қыз еркек деген не екенін білмеген, ер адамның ойын түсінбеген, қатты қорқып қалған. Бірақ Нұр-Сұлтан полиция департаментінде барлық зорлық келісіммен болатын сияқты”, – деп жазды ол.

Аталған факті бойынша полиция департаментінің мәліметінше,  «Есіл» аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

“Тергеу нәтижелері бойынша жәбірленушінің айғақтарын растайтын жеткілікті және сенімді дәлелдемелер алынған жоқ. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешім прокурормен келісілді”, – делінді ПД-де.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.