Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тойда шалқасынан түскен әзілкеш күлкіге қалды (ВИДЕО)

0 811

Белігілі әзілкеш Қайрат Әділгерей әлеуметтік желідегі парақшасында той жүргізген видеосын жариялады, деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада қалыңдықтың жолына төселген матаны аттаймын деп аяғы аспаннан келген Қайратты көруге болады. Ол оқыс жағдайға қарамастан өз әрекетін әзілмен жуып-шайды.

«Бұл тойда не қызық болды дегенде: «Асаба аяғы тайып құлады» деп күлдіресіңдер енді. Өскеменнің қысында, көктайғағында құламаған тойында құлағаным қызық болды. Жып-жылы жерде, тойхананың ішінде құлағаным қызық болды-ау», – деді ол жиылған жұртқа.

Оның құлаған сәтіне орай желі қолданушыларынан бөлек, өнер жұлдыздары да жанашырлық танытып, жазбаға пікір қалдырды.

«Жаным-ау, беліңді ауыртып алмасаң болды ғой», – деді Алтынай Жорабаева.

Асабаның сөзіне қарағанда, оқиға Өскемен қаласында өткен тойлардың бірінде болған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.