Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоғыз айда атқарылған жұмыстар

0 199

Бүгінгі баспасөз мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің               9 айының жұмыс қорытындысы баяндалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Департаменттің алдын алуға және парасаттылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстары бойынша Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы баяндама жасады.

2021 жылдың 9 айында Департаментпен 55 қылмыс тіркелген. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 5 , кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 2  мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу барысында қаражаттарды ұрлау деректері бойынша – 11 негізгі қылмыс тіркелген.

Агенттікке, пандемия кезінде бөлінетін қаражаттың игерілуін бақылау бойынша аса жоғары талап қойылып отыр.  Осылайша бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бұдан басқа, Департаментпен мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор басшылары тарапынан жасалынған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, облыс деңгейіндегі басшыларға қатысты – 2, қала, аудан деңгейіндегі басшыларға қатысты – 4  тіркелген.

Есептік кезенде 34 қылмыстық іс сотқа жолданды. Жасалынған заңсыз іс-әрекеттер үшін 36 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Тіркелген қылмыстық істер бойынша 183,8 млн. теңге көлемінде залал келтірілді, оның 103,5 млн. теңгесі өндірілді және 7,2 млн. теңгеге мүлікке тиым салынды.

Өздеріңізге белгілі, Агенттік ауылшаруашылық субсидия бөлу мәселесіне бағытында Республика бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өз кезегінде, бұл сала Департаменттің де назарынан тыс қалмады.

Мысалы, биылғы жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарамасының бөлім басшысы Искаковаға, оның жолдасы Кулдашовқа және азамат Карибаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 190, 364 б.б. бойынша, яғни ауыл шаруашылығы мақсаттарында заңсыз субсидиялар алу және оны ұрлау деректері бойынша тіркелген қылмыстық іс  14 қазанда сотпен қаралық оларға 7 жылдан – 5 жыл аралығындағы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, 32,9 млн.теңге көлемінде келтірілген залал толығымен өндірілді.

Есептік кезең мерзімінде ҚР ҚПК-нің 200 бабы негізінде, қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi 54 ұсыным енгізіліп,  53 тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бөлігінде айтарлықтай профилактикалық жұмыс жүргізілді. Ағымдағы жылдың 9 айында 14 азаматқа 1,9 млн. теңге көлемінде сыйақы төленген.

Баспасөз мәжілісінде 9 айға атқарылған жұмыстар тізбегі айтылып, біршама мәселелер өз кезегінде шешемін табатындығын сөз етті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.