Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаевтың баспасөз хатшысының «алтын» сағаттары желіде қызу талқыға түсті

0 157

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли таққан «алтын» сағаттар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен. Алайда Берік Уәлидің өзі қымбат сағаттар тағатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық Telegram-арналардың бірінде Уәлидің қолындағы сағаттар шамамен 30 мың доллар тұратыны жайлы ақпарат тараған.

13 ақпанда мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларынан кейін қаза тапқан азаматтардың 40 күндігіне орай Хазірет Сұлтан мешітіне барған. Осы кезде баспасөз хатшысының да болғанын көруге болады.

Берік Уәли ақпараттың жалған екенін және сағаттардың бұдан әлдеқайда арзан екенін айтады.

«Жылтыраған сағаттың бәрі алтын емес», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.