Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа наурыз айында жасайтын үндеуіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап.
«Қандай өзгерістер болатынын айтуға әлі ерте. Дегенмен біраз өзгерістер болады. Бұл туралы мен Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзімде айттым. Бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялауды жоспарлағанмын. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық деген үндеу жолдадым!» – деді мемлекет басшысы.