Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев мәжілісте халықтың кредиті жайлы айтты

0 423

  Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес, дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кредит алатындардың көбеюі қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президенті  мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қаржы жүйесінің тұрақтылығы ұлттық экономиканы дамытудың кепілі екені белгілі. Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну кредиттері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кетті», – деді Тоқаев.

Ол халық қазіргі уақытта көп кредит алып жатқанын атап өтті.

«Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес», – деп толықтырды мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, ең алдымен шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажет.

«Сондықтан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырамын», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.