Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев Ішкі істер министрін ауыстырды

0 341

Президент Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын» делінген Президент Жарлығында.

Марат Мұратұлы Ахметжанов 1964 жылы 22  желтоқсанда Павлодар облысы Баянауылда туған. Заңгер, 3-сыныпты әділет кеңесшісі, генерал-майор.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1991-1993 жж. Қарағанды облысы Теміртау қалалық прокуратура органдарында,

1993-1997 жж. ҚР Бас прокуратурасында,

1997-1998 жж. Қазақстан Мемлекеттік тергеу комитеті, кейін Қазақстан Ішкі істер министрінің әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы,

1998-2001 жж. Тергеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары,

2001-2003 жж. Қазақстан Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы,

2003-2006 жж. Павлодар облысының прокуроры қызметтерін атқарды.

2006 жылдан Түркістан облысының прокуроры.

Қазақстанда жоғары дәрежелі бірнеше медальмен марапатталған.

Ресейдің мемлекеттік «І Петр» және «Адмирал Кузнецов» атындағы медаль иегері.

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.