Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев Алматы әкіміне қатысты мәлімдеме жасады

0 131

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевтың Алматы әкімі болып тағайындалуы туралы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында мемлекет басшысы Алматы әкіміне жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін және қайта тағайындау қазір жоспарында жоқ екенін мәлімдеді.

«Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі, ерекше қала. Қаланың жағдайы, тұрғындарының әл-ауқаты үнемі менің жеке бақылауымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қала экономикасына үлкен зиян келді. Қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің меншігі талан-таражға түсті. Көптеген нысандар қирап, өртенді. Енді осының барлығын қалпына келтіру керек. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Оны шешу жаңа әкім Ерболат Досаевқа тапсырылды. Оның қолынан келетініне сенемін. Өйткені оның бизнесте және мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Ол зиялы және еңбекқор адам. Біз оған жұмыс істеуге мүмкіндік беруіміз керек», – деді Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.