АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД байқаушылар миссиясы еліміздегі президент сайлауы науқанын мониторингілеуге кірісті. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның атап өтуінше, миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.
«100-ден астам адам болады. 10 адам – ұзақ мерзімді байқаушы. 100-ден астам адам қысқа мерзімді байқаушы. Ұзақ мерзімді байқаушылар келіп, аккредитациядан өтті. Қысқа мерзімді байқаушылар Қазақстанға сайлау қарсаңында екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық аймақты және сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз. Байқаушылар сайлау учаскелеріне, аумақтық сайлау комиссияларына барады, сайлау науқанына дайындық барысын талқылайды», – деді Ильхом Нематов.