Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үтік мен еттартқыш ұрладым»: Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкендерді тонаған 16 адам қамаудан босатылды

0 85

Алматыда қаңтар айындағы оқиғалардың тағы 16 қатысушысы қамаудан босатылды. Олардан кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінгеннен кейін ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, бұлтартпау шарасы жазасы өзгертілді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үйіне қайтарылған тонау жасады деген күдіктілердің бірі Ерлан Кәрібаев. Ер адам бұл әрекетке баруына не түрткі болғанын түсіндіре алмады. Оның айтуынша, тобырлық түйсік әсер еткен болуы мүмкін.

«Бүкіл халық митингке баратын болды, мен де наразылық білдірушілерге қосылуға бел будым. Көшелермен келе жатып, адамдар дүкендер мен басқа да нысандардан заттарды алып жатқанын көрдім. Мен өзім үшін ет тартқыш және үтікті алып кеттім. Не үшін мұны істегенімді түсінбеймін, бірақ өз кінәмді мойындаймын», – деді Кәрібаев.

Тағы бір қамауға алынған ер адам шоколад ұрлады деген күдікке ілінген.

«Менің балам шоколад ұрлады деп күдіктелуде. Дүкен екі-үш күн ашық тұрған. Болған оқиғаның барлық мән-жайын білмеймін. Ұлым үшін қатты уайымдадым. Күні-түні ұйықтамадым. Оны қамаудан босатқан соң көңілім орнына түсті”, – деді жас жігіттің анасы Райхан Қасымова.

Күдіктілермен кездесуде прокурорлар оларға ешқайда кетпеу туралы қолхат бойынша қозғалыстың ережелерін түсіндірді.

«Күдіктілер анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен кетпеуге, сотта істі тергеуге және талқылауға кедергі келтірмеуге, қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуге міндеттенеді», – деп хабарлады Жетісу ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Мырзабек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.