Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Темірқазық»: Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән жарық көрді

0 379

«Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай!» деп Елбасына жыр арнаған ақын Балтабек Нұрғалиев енді Қасым-Жомарт Тоқаевқа ән арнады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады!» – деп жазды ақын Facebook-тегі парақшасында.

«Темірқазық» атты туындының мәтіні:
Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады.
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Құрметпен, ән авторы Балтабек Нұрғалиев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.