Қалалық қоғамдық-саяси газет

Tele2/Altel және «Қазақтелеком»: Саланы дамытудың сенімді үйлесімі

0 205

Халықаралық Электр байланысы одағының (ITU) мәліметтері бойынша, 2021 жылы 4G ұялы байланысы әлем халқының 88%-ын қамтыды. Әрине, бұл ретте өңірлер мен елдер ішінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Елімізде ауылдарды интернетпен қамтамасыз етудің орташа көрсеткіші 88,8%-ға жетеді. Бұл жалпы әлемдік көрсеткіштен жоғары екені қуантады. Ал қалаларда 4G-ді енгізу үлесі 92,2%-ға тең (Ranking.kz-тің 2021 жылы деректері бойынша). Мұндай жоғары көрсеткіштер салаға инвестиция құюдың тиімділігін көрсетеді. Қазақстанда 2020-2021 жылдары телекоммуникация саласына бірден 140,9 млрд және 128,6 млрд теңге рекордтық инвестиция жасалғаны белгілі. Ал биылғы жартыжылдықта еліміздегі ақпарат және байланыс саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 46,9 млрд теңгеге жетті.

 

Қалаларды желімен қамту телеком нарығындағы компаниялардың бәсекелестігі арқасында мүмкін болса,  ауылдарға сапалы байланыстың келуіне “250+” бағдарламасы түрткі болды. Бұл жоба мемлекеттің белсенді қолдауымен қазақстандық ұялы байланыс операторларының (Tele2/Altel, Kcell және Beeline) өз қаражаты есебінен іске асырылды.

«Соңғы үш жылда оператор ел үшін жүйелі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бөлігінде серпіліс жасады. Біздің компанияның жылдамдығы жоғары интернетіне және сапалы байланысына қосылған 333 ауылдың тұрғындары «250+» жобасы аясында «Бүкіләлемдік ғаламтордың» барлық мүмкіндіктерін пайдалануда. Оператор желісіндегі есептелген мобильді интернет-трафик көлемі «250+» ауылдарында 20 млн гигабайттан асты», — деп атап өтті Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков.

Сондай-ақ finprom.kz дерегінше, елімізде мобильді интернеттің жылдамдығы интернет-трафикті тұтынудың өсуімен қатар еселенуде. 2021 жылы Tele2/Altel желісі ішінде интернет-трафикті тұтыну 33%-ға — 1985 петабайтқа дейін (немесе 2 эксабайтқа жуық) – барлық ұялы байланыс операторлары арасында рекордтық көрсеткішке көтерілді. Сарапшылардың есептеуінше, Tele2/Altel абоненттері елдің мобильді интернетін тұтынудың жалпы көлемінің 60%-ын құрайды. Тұтастай алғанда, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Tele2/Altel Қазақтелеком тобының бір бөлігі бола отырып, абоненттерді 5 эксабайтқа арналған трафикпен қамтамасыз етті. Осы орайда жыл сайын трафик көлемі үш еселеніп отырғанын атап өткен жөн.

Сонымен бірге оператор әлеуметтік бастамаларды дамытумен белсенді айналысады. 2020 жылы карантин кезінде оператор желісіне жүктеменің артқанына қарамастан, Tele2/Altel компаниясы 15 әлеуметтік бастаманы іске қосты. Сол жылы нарықта Tele2 және Altel брендтерінің өкілі болып табылатын «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясы әлеуметтік бастамаларды қолдауға 1 миллиардтан астам теңге жұмсады. Бірақ оператор үшін ел өмірінің цифрлық дамуының қазіргі ландшафтын өзгертетін ең үлкен әлеуметтік маңызды бастама » 250+» жобасы болды.

«250+ «жобасы іс жүзінде нақты уақыт режимінде ауыл тұрғындарының өмірін өзгертті және елдің жалпы дамуына айқын серпін берді. Мобильді оператор және «Қазақтелеком» менеджментінің үйлесімі «250+» бағдарламасын іске асыруды тиімді ете алды. Бұл өз кезегінде сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Мысалы, GSMA Intelligence «250+» жобасын ілгерінді деп атап, оның маңыздылығы мен уақытылығын мойындады. Бірақ біз үшін ауыл тұрғындарының онлайн кеңістікке кірігуін өз көзімізбен көру маңызды», – деп толықтырды» Мобайл Телеком-Сервис» бас атқарушы директоры Сергей Коньков.

Шынында да, оператор мен бас компания командаларының стратегиялық және тактикалық өзара іс-қимыл режиміндегі жұмысы, соңғы 3 жылда техникалық инновацияларды іске асыру және жаңа технологияларды енгізу елдің бүкіл телеком-саласын дамытуға оң әсерін тигізді. Оператор елімізде бірінші болып интернеттің жылдамдығы мен сапасына оң әсер еткен, сондай-ақ абоненттер үшін байланыстың жаңа мүмкіндіктерін ашатын VoLTE және IPv6 технологияларын енгізді. Бұдан басқа  Tele2/Altel Алматыда 5G аймағын іске қосты. Ол арқылы абоненттер нөлдік тарифтеу және толық шексіздік шарттары бойынша байланыстың бесінші буыны технологиясының жылдамдығын қолдана алды.

«Екі компанияның техникалық, қаржылық, коммерциялық және басқа да сараптамаларын пайдалана отырып, үздік тәжірибелерді жасау және жаңа технологияларды енгізу мүмкіндігі бізге тұтастай алғанда елдің дамуына оң және ең бастысы, белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді. Байланыс әлеуметтік тұрақтылықтың элементіне және экономиканың өсуінің, қоғамның дамуының, жасампаздықтың қажетті шартына айналған әлемде біз өз рөліміз бен жауапкершілігімізді жақсы түсінеміз, тіпті жаһандық деңгейде де жақсы үлгі бола алатын жобалар жасаймыз. Мысалы, «250+» жобасындағы мемлекет пен Телекомның серіктестігі соған дәлел. Егер әлемдік тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, онда бұл жоба цифрлық теңсіздікті жою үшін дұрыс өзара іс — қимылдың ең үздік және ең сапалы үлгілерінің бірі екенін байқауға болады» – деп атап өтті Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.