Қалалық қоғамдық-саяси газет

Текеліде жоғалған бүлдіршіннің денесі табылды

0 241

Текелі қаласындағы лай көшкіні кезінде құлаған үйдің үйіндісі астынан 2016 жылы туған бүлдіршіннің мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары, штаб жетекшісі Лаззат Тұрлашов пен облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов жүр.

Лай көшкінінен зардап шеккен отбасылар уақытша мекенге орналастырылды және басқа да қажетті көмек көрсетілуде. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Соның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Еске салсақ, бүгін түс кезінде Текеліде лай көшкіні болған. 5 үй батпақ үйіндісінің астында қалып, соның ішінде бір үй толығымен батып кеткен. Осы үйдегі 5 жасар бүлдіршін із-түзсіз жоғалып, оқиға орнында учаскелерге бөлініп, арнайы мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеді. Іздеу жұмысына кинологиялық қызметті жұмылдырғаннан кейін үйінді арасынан 5 жастағы қыздың денесі табылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.