Городская общественно-политическая газета

Тазалық таза ұстаған жерде орнайды

0 359

Тазалық пен реттілік – қала көркі. Қоғамдық орындарға тиесілі аумақтар мен тіпті жекеменшік үй ауласын күтіп-баптау – әрбір тұрғынның міндеті.
Бүгінде Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінің мамандары мен учаскелік полиция қызметкерлері округтерде ретсіз ілінген жарнама, заңсыз қойылған дүңгіршек, орынсыз тасталған тұрмыстық қалдықтарды тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Соның бірі №3 округте Балуан Шолақ көшесі бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандар бойынша жарнамаларын ретке келтіру және жыртылған жарнамасын алып тастау үшін ескертулер берілді.
Сондай-ақ Жамбыл даңғылы, №17 «А» мекенжайында архитектура бөлімінің мамандары учаскелік инспектормен бірге май алмастыру орталығына жабайы жарнама және контейнерді сыртқа шығарып қойғаны үшін ескерту жасады. Сонымен қатар құмды жолдың бойына шығарып тастағаны үшін, желімдеу орталығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ескертпелер айтылды.
Айта кетейік, ескерту алған тұрғындардың тиісті жұмысты талапқа сай орындауы қадағаланады.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.