Городская общественно-политическая газета

Сауда базарлары жаңғыртылуда

0 366
Бүгінгі күні Тараз қаласында 15 сауда базары жұмыс істеуде. Оның 12-і әмбебап, 3-і арнайы мамандандырылған. Сауда нысандарында жаңғырту жұмыстары Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Жоспар бойынша, Жамбыл облысында аталған жұмыстар 2026 жылы аяқталады деп көзделіп отыр.

Айталық, 2022-2023 жылдары қаладағы 3 сауда базары мен 1 сауда орталығында жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде, «Дос-нар», «Нұралы» сауда орталықтары және «Ақсай» базары жаңа кейіпке енді. Қазіргі таңда «Нұралы» сауда орталығын жаңғыртудың 2-кезеңі қолға алынған. Ал Қ.Сәтбаев көшесінің бойындағы қалған сауда дүңгіршектері толықтай алынып, заманауи сауда орындарын ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар «Жібек жолы» базарында да құрылыс жұмыстары жүруде. Бүгінде нысанның 1-қабаты пайдалануға берілген. Ал «Арзан» сауда орталығындағы құрылыс ағымдағы жылдың желтоқсан айында тәмамдалады деп күтілуде. Бұған қоса «Ауыл-Береке» базарының кілем сатылатын бөлігінен киім-кешек бөлігіне дейін жаңғыртылуда. Бұдан бөлек, жаңа кейіпке енген «Береке» базары қыркүйек айында қайта ашылады.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.