Городская общественно-политическая газета

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

0 18 332

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша 50 адам Резервке алынады.

Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.

Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік, «Б» корпусының басшы және «Б» корпусының Асанаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Резервке алу үшін үміткерлерге келесі кезеңдерден өту керек:

✔️үміткерлерден құжат қабылдау;

✔️күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

✔️ ситуациялық тапсырмаларды шешу;

✔️ құзыреттерді бағалау;

✔️ Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

✔️Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.

Кандидат қойылатын талаптарға (Қазақстан Республикасының азаматы, құжаттар тапсыру сәтінде жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар, еңбек өтілі кемінде 5 жыл, мемлекеттік тілді меңгергені туралы қолданыстағы сертификаттың болуы) сәйкес келген жағдайда іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында (қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST (ресми-іскерлік қазақ тілін тестілеу жүйесі) қазақ тілін тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өтуі қажет.

Құжаттарды қабылдау кандидатты тіркеу және оған бағалау кезеңдерінде кандидаттың жеке деректерін иесіздендіру үшін пайдаланылатын электрондық-цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып жеке нөмір беру арқылы онлайн-платформада жүргізіледі. Бастапқы тіркеу кезінде ЭЦҚ-нің болуы міндетті, кейіннен тіркелген кандидаттар осы платформаға логин мен парольді пайдалана отырып кіреді.

Кезеңдердің басым бөлігі онлайн режимде өтеді. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүзгізіледі.

Біздің сүйікті Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті барлық азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.