Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тауар өндірушілер үлесі

0 591

Тараз қаласы әкімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай АШТӨ тарапынан «GRAND BAZAR» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі жоғары деңгейде өткізілді. Аталған жәрмеңкеде өнімнің 40-тан астам түрі ұсынылып, жалпы құны 16,5 млн теңгені құрайтын 98,0 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 10-25 пайыз төмен бағада саудаланды. Оның ішінде 9,8 тонна ет, 1,0 тонна шұжық өнімдері, 4,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 2,5 тонна сары май, 0,5 тонна өсімдік майы, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер, 2,2 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна қарақұмық, 0,5 тонна күріш, 0,1 тонна тұз, 1,3 тонна балық, 4 тонна қант, 6 тонна ұн, 1,1 тонна бал және 60,1 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеде екі киіз үй және алтыбақан тігіліп, келушілерге наурыз көже таратылды және мерекелік, патриоттық әндер шырқалды.

Облыс тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін 2021 жылдың 23, 30 қаңтары, 6, 13, 20, 27 ақпаны және 6, 13, 20, 27 наурызы күндері Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының «GRAND BAZAR» сауда кешені алдында жалпы саны 10 жәрмеңке өткізіліп, 114,4 млн теңгенің 637,3 тонна тауарлары өткерілді.

Қала аумағында тіркелген наубайхана басшылары жылына 5000 бөлке нанды қайырымдылық акциясы ретінде халыққа таратуда және жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетуде. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әр жылдың тамыз айында мектеп оқушыларын оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде.

Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнге 7 наубайхана тіркелген. Қала бойынша нан қажеттілігі тәулігіне 80000-83000 дананы құрайды. Тіркелген наубайханалар нанға деген қажеттілікті толығымен қамтуда және нан бағасын тұрақты ұстауда.

Тараз қаласы бойынша сүтті қайта өңдеуші 5 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтқанда: «Галеника» ЖШС, «Садыхан продукт» ЖШС, «Көкжиек-2030» ЖШС, «Шалкаров Б.К.» ЖК, «Констянкин А.А.» ЖК. Аталмыш кәсіпорындар айына 134,3 тонна сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май, кілегей, ірімшік өнімдерін өндіріп, қала дүкендерін сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етуде және 94 адамды жұмыспен қамтуда.

Сондай-ақ Тараз қаласында құрама жем өңдеп шығаратын «GOOD LOOK» ЖШС-і жалпы құны 1 млрд 126,9 млн теңгені құрайтын жобаны іске асырып, жылына 36 мың тонна өнім өндіруде. Қосымша 237 жұмыс орнын ашты.

Кондитерлік өнімдер шығаратын жеке кәсіпкер «Джанабекова С.С.» жылдық қуаттылығы 4500 тоннаны құрайтын кондитер фабрикасын ашты. Жобаның құны – 850,0 млн теңге, 70 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жылыжайда көкөніс өсірумен айналысатын «Рамазан» ШҚ аптасына 2,5-3 тонна қызанақ және тәулігіне 800-900 кг қияр өнімін алып, қала дүкендерін қияр және қызанақпен қамтуда.

Тараз қаласындағы АШТӨ-нің қалаға қосып жатқан үлестері орасан зор.

Дархан Егеубаев, «Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.