Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ирригация жүйелерін абаттандыру

0 15

Қала аумағында 8 канал бар, жалпы ұзындығы 82,55 шақырымды құрайды («Сеңкібай» – 10 шқ, «Қапал» – 10 шқ, «Үшбұлақ» – 13,9 шқ, «Қарасу-1» – 3,35 шқ, «Қарасу-2» – 12,4 шқ, «Төрегелді» – 5,7 шқ, «Базарбай» – 3,2 шқ, «Түйте» – 24 шқ).

Ал дренаж каналдарының саны – 2 (ұзындығы – 12,7 шақырым, олар: «Оңтүстік құрғату» – 10 шқ, «Тайвань» алқабын құрғату»- 2,7 шқ).
Қаладағы 6 канал («Сеңкібай», «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Төрегелді») және 2 дренаж каналы қаланың коммуналдық меншігінде. «Базарбай» каналы «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстық филиалының меншігінде. Ал «Түйте» каналы «Түйте суы» ЖШС-нің теңгерімінде.

Қалада 1 ғана гидротехникалық құрылыс бар: «ҚазСуШар» РМҚК облыстық филиалының теңгеріміндегі Талас су торабындағы құрылыс.
Ирригациялық арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 164 шақырымды құрайды, оның ішінде лоток жүйелері – 21,4 шқ. Құбыр өткелдердің саны – 560 дана, каналдағы су қалқаншасының (шлюз) саны – 71 дана.

2020 жылы 4 нысан бойынша канал арналарын тазалау («Әулие-Ата» әуежай аумағындағы дренаж каналы, Айша бибі және Тәуке хан көшелері бойындағы дренаж каналдары, «Үшбұлақ» канал арнасы), 21,3 шақырымды құрайтын лоток жүйелерін ауыстыру жұмыстары атқарылды.

Ағымдағы жылы «Қант зауыты» мен «Тектұрмас» алқаптарындағы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу хабарламасы берілді.
Қазіргі уақытта облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес ирригация жүйелеріне толықтай тексерулер жүргізілді. Нәтижесі бойынша сметалық құжаттамалары есептеліп, қолдау табу мақсатында бюджеттік өтінім облысқа ұсынылды.

Бүгінде 121,3 шақырым арық желісін лоток жүйелерімен қамтамасыз ету және бұрыннан бар 21,4 шақырым лоток жүйелерін ауыстыру қажет. Осы бағытта 50 шақырым лоток жүйелерін ауыстыру жұмыстары үшін қажетті қаржыны қарастыру мақсатында бюджеттік өтінім Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.

Сонымен қатар Тараз қаласының көшелерінде науалық желілер мен арналарға арналған тарату шлюздерін орнатуға қажетті зерделеу жүргізіліп, қаржы көлемі есептелді.

Аталған жұмыстар бойынша тиісті мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаз мердігер «Әль-Мансур» ЖШС-н келісімшарт жасалды. Монтаждау жұмыстары алдағы уақытта басталып, 2,0 ай көлемінде жүргізілетін болады.

Зият Тұрсынұлы,
«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.