Қалалық қоғамдық-саяси газет

Татулық пен келісім гүлдендірер ел ішін

0 233

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам» атты жаңа Жолдауында көрегендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұрынғы Жолдауларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, енді ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруды көздеген әлеуметтік шараларды белгіледі. Осының өзімен ел Президенті мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру сынды адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың барлығы қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.
20 қарашада кезектен тыс Президент, келесі жылы Мәжіліс сайлауы өтеді. Бұл туралы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген болатын. Жаңа кезектен тыс Президент сайлауын жариялаған Президент бұл шешімін негіздегенде, халықтың жаңа сенім мандаты қажет екендігін жеткізді. «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайын- мын», – деді ол.
Бір жылдың ішіндегі екінші Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар оқиғасының қатысушыларына бір реттік рақымшылық жасалатынын, бірақ мұның ауыр қылмыс жасағандарға қатысы жоғын айтты. Одан бөлек, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас межесінде қалатынын да мәлімдеді. Сондай-ақ алдағы екі жылда 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылмақ. Президент сонымен қатар кәсіпкерлерді несиелеу құнын азайтуды, салық саясатын жақсартуды ұсынды.
Жолдау бізге жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына атсалысуымыз қажет. Ол ішін татулық пен келісімде тұрмыс кешіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанымыз абзал.

Сейітхан ЖҰМАШЕВ, еңбек ардагері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.