Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздағы атыс: ҰҚК желіде тараған видеоға түсініктеме берді

0 270

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz

«Әлеуметтік желілерде таралған қарулы адамдардың атысы бейнекадрлары 2022 жылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында орын алған, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолдана отырып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген», – делінген хабарламада.

Қорғаныс барысында атыс жарақатынан Департаменттің Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы, подполковник Дастан Әділбай қаза тапты.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Еске сала кетсек, жақында ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісінде атыстың видеосын жариялаған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.