Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда биыл 26 аула абаттандырылады

0 324

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысанды аралады. Әуелі қала әкімі Д.Қонаев көшесіндегі №6 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарын көрді.

– Биыл қала бойынша 26 аула абаттандырылуда. Ойын алаңшаларын орнатқанда ең әуелі тұрғындардың сұранысы мен балалар қауіпсіздігіне баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ құрылыстың да сапасы басты назарда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Бақытжан Әмірбекұлы. Бұдан кейін шаһар басшысы Братская және Саңырақ батыр көшелеріндегі жаяу жүргіншілер (тротуар) жолына аялдады. Бүгінде мұндағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Келесі кезекте қала әкімі «Ұлы дала» (15) ықшамауданына ат басын бұрды. Қазір аталған мөлтек ауданның 1, 2, 3, 4 көшелеріне жол төселуде. Алайда, шаһар басшысы мұндағы жол құрылысына көңілі толмайтынын жасырмады.
– Қазір мұнда құрылыс қайнап жатуы керек еді. Алайда құрылыс басында бірде-бір техника байқалмайды. Егер алдағы уақытта да бұлай жалғаса берсе, мұндай мердігер компаниямен келісім-шартты бұзуға тура келеді, – деген қала әкімі жауаптыларға тиісті шара қолдану қажеттігін ескертті.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.