Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда демеушілер есебінен мүмкіндігі шектеулі 2028 бала жаңа жылдық сыйлықпен қамтылуда

0 2  086

Тараз қаласында демеушілересебінен мүгедектігі бар 14 жасқа толмаған 2028 бала жаңа жылдық сыйлық пен қамтылуда. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің ресми парақшасында айтылды.

Нақты айтқанда облыс орталығында тіркелген «Мейірім», «Болашақ» және арнайы мектеп-интернаттарда, интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мектептер мен бала-бақшада білім алып жатқан, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп жатқан балалар жаңа жылдық сыйлыққа ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала көшелері Жаңа жыл мерекесіне арнайы безендірілетін. Бұл жұмысқа демеушілер тартылып, жиылған қаржы сонда жұмсалатын.  Биыл әкімдік «ерекше» балаларға сыйлық жасауды  қолға алыпты.

Қосымша сұрақтар бойынша 8(707) 373 1740; 54-47-01 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.