Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өрттен сақтану жолдары түсіндірілді

0 229

   Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен және қалалық №4 «Өрт сөндіру» бөлімінің мамандарының қатысуымен «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Өрт-тілсіз жау» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға түсіндіру сабағы өткізілді.

Шара барысында тәжірибе бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қауіп төнген жағдайда жылдам әрекет етуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғануы және төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйрету жұмыстары жүргізілді.

Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Тұрғын үй секторларында оқыс оқиғалар жиі болады. Соның салдарынан адамдардыың қаза болатын жайттары аз емес. Осы мақсатта сала мамандары Аққозиев көшесінде тұратын І-топ көз мүгедегі Нышанкүл Абишеваның пәтерінде зағип жандардың төтенше жағдайдан шығуына арнайы тәжірибе жасады. Алдағы уақытта қауіпсіздік шараларын түсіндіретін арнайы сабақтар жалғасын табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.