Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз командасы топ жарды

0 492

«Аула ойындары-2023» спорттық фестивалінің алғашқы кезеңі 3-6 сәуір аралығында Тараз қаласының 11 аумақтық округінде өткізіліп, оған 2000-ға жуық спортшы қатысты. 2-кезең 11 сәуір күні «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізілді. Онда 500-ге жуық спортшы бақ сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубок және де естелік сыйлықтармен марапатталды. Ақтық кезең 17 мамыр күні өткізіліп, оған Тараз қаласы командасынан 50-ге жуық спортшы қатысты. Тараз қаласы командасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.
«Көше ойындары-2023» спорттық фестивалінің Тараз қаласында іріктеу кезеңі 12 сәуір күні «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізіліп, оған 800-ге жуық спортшы қатыстырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ақтық кезең 24 мамыр күні түндігін түріп, Тараз қаласы командасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

О.Борисюк,
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.