Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының әкімдігі қарсылас шақ келтірмеді

0 566

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде түндігін түрген турнирде Тараз қаласы әкімдігінің құрамасы қарсылас шақ келтірмей, жеке-дара көш бастады.

Спорттың 11 түрінен өткен аламанда әр команда «сен тұр, мен атайын» деген кіл мықтыларын шығарған болатын. Алайда қала әкімдігінің құрамасы қарсыластарын қоғаша жапырып, әр айналымда басымдықтарын анық аңғартты. Бірін ой зеректіктерімен ұтса, екіншісін шеберліктерімен жығып, күш атасын танымайтынын көрсетті. Нәтижесінде командалық есепте Тараз қаласы әкімдігінің командасы спартакиада жеңімпазы атанды.
Жеңіс тұғырына көтерілген жүзден жүйріктерді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Лесбек Илебаев арнайы құттықтап, Кубок пен марапаттарын табыс етті.
Осылайша Тараз қаласы әкімдігінің құрамасы мемлекеттік қызметшілер арасында теңдессіз екендерін танытты.
Бәрекелді! Жеңістеріңіз құтты болсын!

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.