Қалалық қоғамдық-саяси газет

Танымал блогер президент сарайы Ақорданың ішін көрсетті (видео)

0 499

Қазақстандық танымал блогер Әлішер Елікбаев Нұр-Сұлтанда орналасқан Ақорда резиденциясының ішін көрсетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Блогер бейнероликте ресми тұлғалардың қатысуымен салтанатты шаралар өтетін негізгі алты залды аралады.

«Ақорда аумағына кіру әрқашан қиын болатын, ал қазір пандемияға байланысты одан да қиын. Біз бір күн бұрын ұшып келіп, ПТР-тест тапсырдық, теріс нәтижесін күттік, Ashyq арқылы кірдік, бізді дезинфекциялады, содан кейін ғана ішке кіруге мүмкіндік алдық», – дейді Әлішер. 

Блогер, ең алдымен, орталық парад залына экскурсия жасады. Бұл холлда құрметті қарауылдың қатысуымен іс-шаралар өтеді. Төбенің биіктігі – 12 метр. 600 шамы бар 6 метрлік люстра залдың сәнін келтіріп тұр.

Айта кетсек, Ақорданың құрылысы 2001 жылы басталып, 2004 жылы желтоқсанда аяқталды. Сарай елорданың сол жағалауында, Бәйтерек монументінен 300 метр жерде, Нұржол бульварының бас жағында орналасқан.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.