Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таластықтарға теңдессіз тарту

0 391
Елімізде бұқаралық спортты дамытып, халықтың салауатты өмір салтымен айналысуына ерекше екпін түсірілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларында да аталған мәселе назардан тыс қалған емес.

Осы мақсатта өңірлерде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның жарқын дәлелі – workout алаңшаларының ашылуы. Бұл игіліктен шалғай ауылдардың тұрғындары да шет қалмауда.
Мәселен, күні кеше Талас ауданы, Ойық ауылында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры және «Qazaqgaz» өндіру және барлау ЖШС демеушілігімен орталық саябақ қайта жаңғыртылып, баскетбол, волейбол және street workout алаңшасы жаңадан салынып, халық игілігіне берілді.
Мұнда тұрғындар серуендеп, спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сондай-ақ алаңда воркаут аймағы, баскетбол, волейбол алаңы және жайлы орындықтар орналасқан тыныш аймақ та қарастырылған.
Аталған аумақ ауыл тұрғындарының басын қосатын, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналары сөзсіз.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.