Былтыр шалғай ауылдардағы мыңдаған түлектердің құжаттары виртуалды түрде қабылданды. Биыл да жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашылды. Қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға дайын деп хабарлады turkystan.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Университет қызметкерлері онлайн түрде кеңес беріп, бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайтын болады.
«Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында сондай-ақ, ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда.
Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді», – деп жазды ведомство.
Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында.