Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талғарда аудандық полиция ғимараты өртенді (видео)

0 361

Алматы облысы Талғар аудандық полиция ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде таралған видеода ғимараттың бір жақ шетінен қою қара түнін шығып жатқаны, нысан терезелері сынғаны байқалады.

Облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, өрт 12 ақпанда сағат шамамен 14:55-те Талғар ауданының әкімшілік полиция ғимаратының қызметтік кабинеттерінің бірінде болған.

«Жергілікті өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртті 25 минут ішінде ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Қызметтік құжаттар бүлінбеді», – деді полицияда.

Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы делінді. Өрт салдары жұмыс тәртібінде жойылатыны хабарланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.