Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тағы екі вирус пайда болады»: Көріпкел пандемияның қашан аяқталатынын болжады

0 317

Пандемия мен карантиндік шектеулердің қашан аяқталатыны көпшіліктің көкейіндегі сауал. Бұл сұрақтың жауабын әркім әртүлі болжауда. Көріпкел Кажетта Ахметжанова соңғы болжамында омикрон вирусынан кейін ми тамырлары аурулары жиілеп суицидтің көп болатынын айтты деп, хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Карантиндік шектеулер бастала салысымен жұртшылық елдегі балгер, көрікпелдердің болжамына дейін назар аудара бастады. Солардың бірі карантинді 2020 жылдың мамырында аяқталады деп болжаған Кажетта есімді көріпкел.

“Коронавирус деп атын атай бермеңіздер! Сөздің қуаты бар. Жаман аурудың атын атап өзімізге шақырмайық. Бұл ауру  бізде ұзаққа созылмайды. Мен оны тек 6 мамырға дейін көріп тұрмын”,-деген болатын.

Алайда соңғы болжамы алдыңғысынан мүлде ерекше болды. 1 ай бұрын ол жаңа деректермен көпшілікті таңдандырды.

“Бұл індет 4 жылдай уақытқа созылады. 2024-2025 жылдарға қарай кетеді. Омикрон келеді, одан кейін тағы екі вирус пайда болады. Кейін ең қиыны адамдар арасында ми тамырлар ауруы асқынып, елде суицид жағдайлары көп орын алады”,-деп келтірді Кажетта Ахметжанова.

Жердің ақпараттық қабаты негативке толып кеткендіктен өз өзіне қол жұмсау келешкете көп болады деген көріпкел пікіріне вирусолог, ғалым былай деп жауап берген.

“Меніңше бізге кішкене шыдам керек. Індет көктемге дейін таралады. 1,5-2 айдан кейін оның таралу қарқыны әлсіреп қалыпты жағдайымызға ораламыз”,-деді медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Алмаз Шарман.

Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәліметінше қазір омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуалдар нашарлағандықтан, жағдай бақылауға алынған. Қазір ауру қарқыны тәулігіне 16 мыңнан 2 мыңға дейін төмендеген. Бұл жағдайдың тұрақталып келе жатқандығының дәлелі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.