Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесі. Елдіктің жеті тұғыры. Жасампаз ел.

0 1  111

2021 жылдың    23 қарашасында “Nur Otan” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Nur Otan” партиясы жетекші саяси күш ретінде өркендеуді мұрат тұтқан тәуелсіз еліміздің әр жетістігінің басы- қасында келеді. Қиын замандардың кез келген кедергісінен қаймықпай өтіп ысылған, осы жылдар ішінде мол тәжірибе жинаған партияның алдағы бағыт-бағдары айқын.

Отыз жылда ғаламат мойындаған еліміздің саяси күші – “Nur Otan” партиясының ұстанымы нық. Әрбір бастама даму, реформа және азаматтық қоғам атты үштағанмен ұштасып, партияның басты мақсаты – халықтың әл- ауқатын жақсартуды көздейтінін” атап өтіп, Әр азаматқа лайықты өмір үшін өзгерістер жолына түскен партияға қатысты тарихи мәлімдеме жасады. Партияның қалыптасуы, дамуы, елдің сеніміне ие болуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Заманауи Қазақстанның негізін қалаған, бүкіл өмірін елге арнаған ұлтымыздың Көшбасшысы – Елбасы, әлем мойындаған көрнекті саясаткер, беделді тұлға әрқашан халық мүддесін ойлап, еліміздің болашағы үшін алаңдайтынын бәріміз түсінеміз. Тұңғыш Президентіміздің бұл ұстанымы өзгермек емес. Елбасы барлық қазақстандықтардың Президенттің мемлекеттік курсы төңірегінде топтасып, оны жүзеге асыруға жұмыс атқаруы, “Nur Otan”партиясының осы мақсатта билік пен қоғамды біріктіруге белсене араласуының маңыздылығына тоқталды. Елбасы жасаған мәлімдеме – тарихи маңызды шешім. “Отыз жылда 9,5 миллионнан астам сәби дүниеге келді. Олардың алдыңғы шебі орда бұзар отызға толып отыр. Бұл – көзі ашық, көкірегі ояу, санасы озат, ойы озық жаңа буын” деген Елбасы  жаңа дәуірдің жас ұрпағына үндеу жолдады. “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығында Елбасы еліміз үшін, жас буын үшін баға жетпес құндылықтарды тайға таңба басқандай анық көрсетіп берді.

         ТӘУЕЛСІЗДІК, БІРЛІК пен КЕЛІСІМ, ЖЕР – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ, ОТБАСЫ мен САЛТ – ДӘСТҮР, ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ мен ЕҢБЕК, ПРАГМАТИЗМ  – ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ!

ТӘУЕЛСІЗДІК – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. “Әлемде көлемі жағынан 9-шы орын алатын байтақ атырапты еншілеу Жаратқанның халқымызға берген баға жетпес несібесі. Тәуелсіздікті нығайту – экономиканы нығайту. Бұл барша халықтың еңбегімен келеді. Сондықтан жас ұрпақ ел игілігі үшін әрдайым еңбек етуге дайын болуы қажет” екендігін Елбасы атап айтты.

БІРЛІК пен КЕЛІСІМ – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Этникалық әралуандылық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы. Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы.  ЖЕР – АТА-БАБА МҰРАСЫ, ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ. Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тәуелсіздікті жариялай салысымен шекарамыз құжат жүзінде бекітілді. Ұлан- ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз. ОТБАСЫ мен САЛТ-ДӘСТҮР – қоғамның алтын діңгегі. Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт. Қай кезеңде де біз үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата-дәстүрімізді берік ұстануымыз керек. ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ – халықтың рухани тірегі. Қазіргі таңда жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек. Мұндай қасиеттер тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану арқылы келеді. Өркениетті отыз елдің қатарына қосылуда материалдық құндылықтармен қатар рухани байлықтың маңызы зор. БІЛІМ мен ЕҢБЕК – бақуатты өмірдің кілті. Елбасымыз Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру туралы идеясында 5 принцип – эволюциялық даму, ортақ жауапкершілік, өзара серіктестік, ынталандыру мен кәсібилікті атап көрсеткен болатын. Онсыз қоғам көштің соңында қалуы мүмкін. Табыстың кілті – үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Адал еңбек қана адамды мұратқа жеткізеді.  ПРАГМАТИЗМ- бәсекеге қабілетті болудың кілті. “Елімізде жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол. Прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн. Осылайша, біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз. Елдіктің жеті тұғыры дегеніміз – осы!” деді Елбасы. Болашаққа бағдар болатын Елбасы Үндеуін халқымыздың тең жарымын құрайтын өскелең ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет. 🇰«Елдіктің жеті тұғырын” тиянақтау мен тұлғаландыру – Тәуелсіздік жылдары бәсекеге қабілетті болып тәрбиеленген жаңа буынға аманат.   Елдіктің жеті тұғыры” – бірлік пен татулықтың, даму мен жасампаздықтың символы, жаңа дәуірдегі қазақстандықтар бағдары.   Осы бағытта елдігімізді нығайтудың жаңа кезеңінде атқарылар игі істердің алдыңғы шебінде “ Nur Otan” партиясымен бірге Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай еңбек ете берейік!

Доспақова Ботакөз

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директорының оқу жөнінждегі орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.