Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәртіп баршаға ортақ!

0 483

Тараз қаласындағы №13 тергеу изоляторында сәлем-сауқаттарды күдiктiлер мен айыптаушыларға қабылдау және беру тәртiбi туралы. 

Күдiктiлер мен айыпталушыларға арналған сауқаттарды, сәлемдемелердi қабылдау бөлмесiнiн жиhазы мен муккәмалы тiзбесiне сәйкес жабдықталған үй-жайында жүзеге асырылады. Күдіктілерге айыптаушыларға салмағы 20 килограмнан аспайтын сауқаттар мен сәлемдемелердiң санын шектеусiз алуга рұқсат етіледі. Сәлемдемелер бекiтiлген қабылдау уақыт кестесiне сәйкес, келушiлердiң кезектiлiк тәртiбiнде қабылданады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Сәлемдеменi жеткізген адам екі данада өтiнiш толтырады және оған қол қояды.Өтiнiштiң екi данасы, сәлемдеме, сәлемдемені жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат тергеу изоляторының қызметкерiне беріледі. Сәлемдемелердiң iшiндегiсiнiң болуын, салмағын салыстыру, сонымен қатар тыйым салынған заттардың енiп кетпеу мақсатында тексеру шарасы оларды жеткізген адамдардың қатысуымен iске асырылады.

Тергеу изоляторының қызметкерi сәлемдеменi қабылдаған соң келушiге жеке құжаттарын және өтiнiштiң бiрiншi данасын қабылдағаны туралы қол қойып қайтарады, ал екiншi данасы сәлемдеменi алғаны туралы оның қолы қойылғаннан кейiн күдіктінің және айыпталушының жеке iсiне тiгiледi. Анықтама карточкасында бұл адамға сәлемдеменi қабылдағаны туралы белгі қойылады.

Жоғарыда жазылған сәлем-сауқатты қабылдау тәртiбi «,Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шiлдедегі № 505
бұйрығына» сәйкес қабылданады.

Жалпы ЖД-158/1 мекемесiнiң режим және күзет бөлiмiнiң қызметкерлерi «барлық келушiлердiң сәлемдемелерiн қабылдауға тырысады» дейдi режим және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Н.Н. Даулетханов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.