Қалалық қоғамдық-саяси газет

Төрт сағат ішінде 60-ға жуық көлік апаты болған: Полиция алматылықтарға үндеу жасады

0 857

Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты таңғы сағат сегізден 57 жол апаты тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді,– деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы полиция департаменті жедел басқару орталығының мәліметінше, бүгін таңғы 08:00-ден бастап «102» пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама келіп түсті», – дейді полиция.

Өңірде таңертеңнен бері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендеп, кейін қар түсті. Ауа райының нашарлауына байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Бұл үндеу, әсіресе көлік басқаратын жүргізушілер құрамына арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетіне және мұқият болуға шақырамыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Бұған дейін Алматы ТЖД 22 қазан, жұма күні оқта-текте қар мен жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен еді. 23 қазан түнде және таңертең қаланы тұман басады, көктайғақ болады. Ауа температурасы плюс 18 градустан плюс 2-4 градусқа дейін төмендейді.

Құтқарушылар жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.