Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрмыстағы әйел 18 азаматпен кездесіп, олардың ақшаларын қолды еткен

0 166

Тұрмыстағы қытайлық модель бір мезгілде 18 жігітпен кездесіп, олардың екі миллион юаньнан (шамамен 141миллион теңге) астам ақшасын қолды еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық South China Morning Post басылымының мәліметінше, 29 жастағы әйел өзінің алаяқтық әрекетін 2017 жылы бастаған. Ол ер азаматтарды алдап, оларға тұрмысқа шығуға дайын екенін айтқан. Тіпті, құрбандарын сендіру үшін алаяқ әйел олармен бірге той алдындағы фотосессия да жасап жүрген.

Ерлердің ықыласына ие болған келіншек олардан ақша талап ете бастайды. Әйел қаражат туыстарына көмектесу үшін қажет болғанын айтқан. Кейде ол әкесінің қатерлі ісік ауруына шалдыққанын, жиенін түрмеден кепілмен босату керектігін немесе ағасына үйленгеннен кейін үй алу үшін ақша керек деп алдаған.

Қытайлық модельге көмектесу үшін тіпті кейбір ер адамдар несие алған. Егер біреу оған сенбей, полицияға шағымданатынын айтса, келіншек қаражатты кері қайтарып, өзіне басқа жігіт іздей бастаған.

Бір күні ол Ву Ван есімді ғашығына әлдебір азамат салық төлемегені үшін артынан қалмай жүргенін айтқан. Бұған қоса келіншек Ванға өзін ағасы ретінде таныстырып, әлгі ер адаммен сөйлесуді өтінеді.

«Әлгі азамат менен қарызды қашан қайтара алатынымызды сұрады. Оның айтуынша, ақшадан қиындық көріп, үйін де сатып жіберген. Мен сүйіктім бірнәрсені айтпай жүр деп сезіктене бастадым. Қалайша ол азамат салық үшін үйін сатады?” – дейді Ву Ван.

Шын мәнінде модель ер азаматқа 900 мың юань (шамамен 63 миллион теңге) қарыз болып шыққан.

Ван әйелден тезірек үйлену той бойынша оның ата-анасымен кездесуді талап еткен. Әйткенмен, ақшамды қайтарып аламын деп қорқытыпты. Алайда модель қаражатты кері қайтара алмайтынын естіген соң, полицияға шағым түсірген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.