Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түрмеге палау арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды

0 267

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде тамақ арасына үш телефонды жасырып өткізбек болған ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

«Ол аталған мекемеде қамауда отырған айыпталушы 28 жастағы танысына сәлем-сауқат әкелген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша жазасын өтеуде. Сәлем-сауқатты тексеру барысында палаудың ішінен үш телефон және бір қуаттағыш, үш SIM-карта табылды» деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.