Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркияда күзетшілерден таяқ жеген қазақ қызы ұшты-күйлі жоғалып кетті (видео)

0 1  060

  Түркияда түнгі клуб күзетшілерінен таяқ жеген Ұлбосыннан үш айдан бері ешқандай хабар жоқ. Бұл жайында «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлбосын Малғаждарова күзетшінің бірінің саусағын тістеп алғаны үшін қамалған болатын. Бірақ үш айдан бері оның не өлі, не тірі екенін білмейміз дейді туыстары.

«Таяқ жеп тұрып, тіпті сотталып кеткені бізге қатты тиіп жатыр. Қатты зардап шеккен шығар, жағдайын да білмейміз. Бір жері сынған шығар, оны да білмейміз. Шашынан сүйреп тұрып ұрған. Видеодан талып қалған жерлерін көрдік. Білмеймін, адам өлтіріп қойған жоқ қой, ол жақта үш айлап ұстайтындай. Қазақстан үкіметі бері қарай ол қызды неге шығарып бере алмайды? Тым құрыса, жазасын осы жақта – Қазақстанда өтейтіндей», – дейді Ұлбосын Малғаждарованың әпкесі Феруза Ошаева.

Екі жыл бұрын ақша табу үшін Түркияға кеткен Ұлбосын Малғаждарова биыл шілдеде елге қайтуы керек болған. Бірақ ораларынан бір апта бұрын құрбыларымен дәмханаға барып, сол жердің күзетшілерімен шекісіп қалған.

Біреуі тіпті Ұлбосынның аузына қос қолын тығып жағын айырмақшы болыпты. Осы кезде 33 жастағы келіншек оның қолын тістеп алған.

Осыдан кейін тепкінің астына алған жігіттер полицияға арыз түсірген. Содан бері қамауда жатқан Ұлбосынның жақындары Түркиядағы елшіліктен көмек сұрап бірнеше мәрте хат жазыпты.

Бірақ дипломаттардан мүлде жауап болмапты. Бірер күнде соты басталатын Ұлболсынның қамауда екенін кәмелетке толмаған қос қызы әлі білмейді де.

«Балалары сағынып жүр, күнде «анашым» деп біздің жүрегіміз ауырады. Ал біздің қолдан келер ештеңе жоқ. Осындай жағдай. Елшіліктен еш хабар жоқ. Әнеукүні «мақұл, көмек береміз, звондайды» деген. Бір апта болды, не көмек, не ештеңені көріп жатқаным жоқ. Қызымыз тірі ме, білмейміз», – дейді Ұлбосынның анасы Әлима Ошаева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.