Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістанда жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды зорлаған

0 622

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жолда кәмелетке толмаған жолаушыны зорлаған ер адамға қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz 

Анықталғандай, күдікті жеке көлігімен Жетісай қаласына келіп, жол бойынан кәмелетке толмаған қызды алып кеткен. Ер адам өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында жүк көлігін тоқтатып, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Үйіне қайтып келе жатқан жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсамақ болған, оны туыстары байқап қалып, тоқтатқан.

Ер адамның кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.

Сот үкімімен ол «Зорлау», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол қатаң режимдегі колонияға 19 жылға бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.