Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістанда мәдениет саласында 100 жұмыс орны ашылды

0 105

Түркістанды түркі әлемінің мәдени, рухани астанасына айналдыру мақсатында мәдениет саласына қосымша 100 штат берілді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Қазір хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілерді жұмысқа қабылдау үшін кастинг өткізіліп жатыр. Бүгінге дейін іріктеуден өткен 27 жас жұмысқа қабылданған. Үміткерлерді Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия іріктейді. Бүгінгі өткен кастингке 40-тан астам жас қатысып, өз өнерін көрсетті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Түркістанға ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Қазір осы бағыттағы заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр. Құжат қабылданса, жергілікті атқарушы билікке қосымша құзыреттер беріледі. Соның бірі – мәдениет пен руханият саласына басымдық беру.

Бағдат Нысанбаев, іріктеуге қатысушы: – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітіріп, өнерді есеппен емес, ессіз сүйетіндіктен осы салаға бет бұрып, өзімнің мамандығым бойынша бағымды сынап көруге келдім. Академиялық ән салу бағыты бойынша байқауға қатысып, осында жұмысқа орналастым.

Әзімхан Қойлыбаев, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы: – Қаншама күйшілеріміз шығып жатыр. Тек қана домбыра емес, арасында қыл қобыз тартатындары бар, скрипка бар. Қандай өнерге жақын, сол азаматтардың бәрін жинап, топқа бөлеміз. Жақсы бір ұжым қалыптасады деген ойдамыз. Бүгінгі, кешегі келіп жатқан жастардың барлығының көзінде от, өз саласының нағыз мамандары екенін көрсетіп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.