Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бурабайдағы Rixos-тің 20-ға жуық қызметкері астан уланып қалды

0 152

«Rixos» қонақүйінің 17 қызметшісі тамақтан уланды, оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына түсті.

Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қонақүй қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелген.  Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-еуі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған, ал қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды.

«Қазіргі кезде «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақүйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», – деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.