Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан Түркияға не экспорттайды

0 172

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы екі есе артқанын айтты.

«Түркияға металл экспорттап жатырмыз. Бұл Түркияға экспортталатын негізгі тауар түрлері. Ал ол елден тоқыма заттарын, машиналарды, жабдықтарды және басқа да халық тұтынатын тауарларды аламыз», – деді Ержан Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министрлік өкілі Түркиямен арадағы кеден деректері бойынша айырмашылықтар жайында айтты.

«Қазір Түркиямен деректер бойынша айырмашылыққа тоқталсақ, тауар айналымында 0,8 пайызды құрады. Ақшалай есептегенде, жылына 12 миллион долларға жетеді», – деді вице-министр.

Түркия Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесінің бірі саналады. Қазақстан Республикасымен саудада Түркия 3-орында (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді қоспағанда) тұр.

«2020 жылы екі елдің арасындағы сауда айналымы 3,1 млрд АҚШ долларын құрады. Ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының көлемі 6,3 млрд долларға жетті. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 3,2 млрд доллар болды. Екінші жартыжылдықта тауар айналымы айтарлықтай өсуі мүмкін», – деді Ержан Біржанов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.