Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістанда көмірқышқыл газынан уланған ана мен төрт баланың өлімі: Кінәлілер жазаға тартылды

0 408

Түркістан қалалық соты көмірқышқыл газынан уланған бес адамның өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

26 ақпанда Түркістанда жеке үйлердің бірінде бір отбасының бес бірдей мүшесі көмірқышқыл газына уланып қайтыс болған еді. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші жалдамалы жұмысшыларға үйіне газ құбырын тарту туралы өтінішпен жүгінген. Бұл туралы олар ЖШС директорына хабарлаған. Кәсіпорын басшысы жұмысшылардың газ құбырын монтаждау саласында арнайы білімі жоқ екенін, сондай-ақ жәбірленушінің уәкілетті органмен техникалық келісімі болмағанын біле тұра жұмыс ақысымен келісіп, жұмысқа кірісе беруге рұқсат береді.

ЖШС директоры жәбірленушінің атынан үй иесінің атынан тіркелу құқығына сенімхатсыз құжаттарды мамандандырылған ұйымға тапсырған. Құжаттарда ол үйге сертификатталған қазандық орнатып жатқанын көрсеткен. Соның негізінде үйге техникалық келісім-шарт жасалған.

Атқарушылық техникалық құжатты рәсімдеу үшін кәсіпкер досына жобаның нобайын және өз қолымен сызылған техникалық жағдайын берген. Құжатты алған азамат жалған жобалық құжаттар мен атқарушылық техникалық құжаттамаларды жинап, мамандандырылған ұйымға тапсырған.

ЖШС директоры мен оның танысына қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындағаны ҚК 306-бабының 3-бөлігі), жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді дайындау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК-нің 385-бабының бөлігі).

Сот жеңілдететін мән-жайларды назарға алды: сотталушылардың асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеу. Сот үкімімен іс бойынша сотталушылар енгізілген  баптар бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.