Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында пошташы екі сыбайласымен 35 миллион теңге ұрлап кетті

0 186

Түркістан облысында полицейлер 35 миллион теңгені заңсыз жолмен қалтаға басқан алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне пошта қызметкері белгісіз біреулердің 35 миллион теңге ұрлап кеткенін хабарлаған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190 «Алаяқтық» бабы бойынша тіркелді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары камерадағы жазбаларды тексеріп, заттай айғақтарды зерттеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ақша ұрлаған пошта қызметкерін анықтады. Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Тергеу кезінде полицейлер оның екі сыбайласын да анықтады. Олардың бірі – жергілікті тұрғын болса, екіншісі – семейлік азамат болып шықты. 

Пошташы мен оның екі сыбайласы алаяқтық жолмен 35 миллион теңге ұрлап, өз шоттарына аударып алған. Олар ақшаны өзара бөліскен.
Үш күдікті де қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.