Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып кетті

0 171

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңғы сағат 08:24 шамасында Сайрам ауданы, Қайнар Бұлақ ауылы, Ошақты елдімекенінде болған.

Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан шағын жинақты орта мектеп аумағындағы қатты отын қолданылатын қазандық жарылған. Оқиға орнында 1963 жылы туған от жағушы көз жұмды. Ал, ғимараттың 20 шаршы метр шатыры мен қабырғаларына зақым келген.

«Төтенше жағдай департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы және полиция департаментінің 8 қызметкері мен 2 техникасы оқиға орнына жұмылдырылы. Жарылыстың салдары мен материалдық шығын анықталуда» – дейді Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мұхан Баймбетов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.