Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан қарулы топ ұсталды

0 383

Түркістан облысында полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысы бар қарулы қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері бақылау-өткізу бекетінде тәртіпсіздікке қатысқан үш ер адамды ұстады.

«Алматы-Термез-Ташкент» тасжолы бойындағы «Ақтас» бекетінде Қазығұрт облыстық полиция басқармасы қызметкерлері Тойота көлігін ұстады. Оның ішінде Сарыағаш және Келес аудандарының 4 тұрғыны болған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, оны тәркіледі. Факт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді», – делінген хабарламада.

Күдіктілер қазір қамауда, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.